АҚШ БҰҰ-ның «геноцид жасалды» деген есебін қабылдамады

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мэттью Миллер мәлімдеме жасады.

2121580
АҚШ БҰҰ-ның «геноцид жасалды» деген есебін қабылдамады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) БҰҰ Израильдің Газа секторында «геноцид жасады» деген есепті қабылдамады.

БҰҰ-ның Палестина бойынша арнайы баяндамашысы Франческа Албанезе Израильдің «геноцид» қылмысын жасағанына назар аударып, «Әлемнің Израильді жауапқа тартпауы Газа секторында геноцидке әкеледі. Газа секторындағы геноцид – отырықшы отаршылдықтың процесінің ең жоғары сатысы» деді.

Албанезе БҰҰ мүшесі елдерді Израильге қарсы санкция жасауға шақырды. Баяндамашының бұл мәлімдемесі АҚШ-ты мазалады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мэттью Миллер елінің бұл есепті қабылдамағанын және Израильдің «геноцид жасамағанын» алға тартты.

«Есептің өзіне қатысты «геноцид» туралы айыптауларды негізсіз деп қабылдайтынымызды түсіндірдік. Алайда Газа секторында бейбіт тұрғын шығыны санына да қатты алаңдаймыз» деген Миллер Израильге қолдаудың жалғасқанын мәлімдеді.

АҚШ-тық мәлімдемешінің айтуымен есепті жариялаған Палестина арнайы баяндамашысы Албанезе антисемиттік сөздер қолданған.



Ұқсас жаңалықтар