Француз депутат бойкотқа шақырды
Депутат Томас Портес Израильді қолдайтын компанияларға бойкот жариялауды талап етті.
Франция парламентінің оппозициялық мүшесі Томас Портес Газа секторына жасалған шабуылдардан кейін Израильді қолдайтын компанияларға бойкот жариялауды талап етті.
Солшыл «Мойымайтын Франция партиясы» (LFI) депутаты Портес Израильдің шабуылдары салдарынан бейбіт тұрғын шығыны күн санап артып жатқан және аймақтағы гуманитарлық дағдарыс апат деңгейіне ұласқан Газа секторы үшін Израильге қолдау беретін компанияларға бойкот жариялауға шақырды.
Францияда Газа секторына берген қолдаумен көзге түскен «LFI»-ның жетекші тұлғаларының бірі Портес өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында бойкот жариялануға тиісті компаниялардың логотиптері жазылған бір плакат бөлісті.
Плакатта «Апартеид Израильді бойкот етіңдер», «Палестиналықтарды күштеп көшіру тоқтатылсың», «Оралу - палестиналықтардың құқығы» деп жазылған плакатта атақты кроссовка бренді, супермаркет және сақтандыру компаниясы сияқты көптеген логотиптер орын алды.
Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 645 палестиналық қаза тауып, 73 мың 676 адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар
Израильге қарсы шерулер жалғасуда
Голландияда көбісі әйелдерден құралған топ палестиналық аналарды қолдау үшін шеру өткізді.
Иранда Шираз қала әкімі өлтірілді
Шираз қаласы әкімі Реза Масуди үйінде белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты.