Сергей Лавров Венесуэлада

Ресей Сыртқы істер министрі президент Николас Мадуромен кездесті.

2105485
Сергей Лавров Венесуэлада

Латын Америка сапары аясында Кубадан кейін Венесуэлаға барған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Николас Мадуромен кездесті.

Лавровты Николас Мадуро ел астанасы Каракаста Мирафлорес президенттік сарайында қабылдады. Президенттік баспасөз қызметі екі ел делегациясының кездесу өткізгенін және Венесуэла мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая түскенін атап өтті. Мәлімдемеде "Каракас пен Мәскеу маңызды салаларда достық пен ынтымақтастыққа негізделген берік қарым-қатынастарды сақтайды. Екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) маңыздылығын сақтау үшін әділ және көп полярлы әлемдік тәртіпті жақтайды." деп айтылды.

Президент Мадуро өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында былай деді: "Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен нәтижелі және тамаша кездесу өткіздік. Ресей-Венесуэла арасындағы барлық стратегиялық салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін көптеген мәселені талқыладық".

Лавровты Венесуэлада қарсы алғандарына қуанышты екендерін білдірген Мадуро «Ғылым, техника, экономика және энергетика салалары жөнінде толыққанды кездесу өткіздік. Ресей мен Венесуэла халқының игілігі үшін күресіп жатқан бауырласпыз» деді.

Министр Лавров Венесуэла сапары аясында вице-президент Делси Родригес және әріптесі Иван Гилмен де кездесті.

Ресей министрі ертең Латын Америкадағы сапарының соңғы аялдамасы Бразилияға барады.



Ұқсас жаңалықтар