АҚШ хоуситтерге 5 әуе шабуылы жасады

«CENTCOM» ақпарат орталығы «X» әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

2104053
АҚШ хоуситтерге 5 әуе шабуылы жасады

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Йеменде Иран қолдайтын хоуситтерге қарсы әуеден 5 қорғаныс шабуылы жасағанын хабарлады.

«CENTCOM» әлеуметтік желіден мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «CENTCOM»-ның кеше бас қала Санада жергілікті уақытпен сағат 15.00-20.00 аралығында хоуситтерді нысанаға алған 5 қорғаныс шабуылы жасалғаны атап көрсетілді.

Шабуылдардың хоуситтердің бақылауындағы аймақтарда кемеге қарсы жылжымалы 3 тұмсықты зымыран, пилотсыз 1 суасты көлігі мен 1 жер үсті көлігінің нысанаға алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Хоуситтердің 23 қазан күнінен бері алғаш рет пилотсыз суасты көлігі қолданғаны айтылды.

Хоуситтерге қарасты «Әл-Mеsirе» телеарнасы АҚШ пен Ұлыбритания әуе күштерінің кеше Ходейданың Әл-Салиф ауданы маңындағы Ра-Исса аймағына 5 әуе шабуылы жасағанын растады.

Йеменде Иранның қолдаған хоуситтер Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық ретінде 31 қазан күні Йемен су айдынында Израиль компанияларымен байланысы бар коммерциялық кемелерді басып алуға, кейбіріне пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасай бастады.

АҚШ күштері осы процесте Йеменнен ұшырылған көптеген зымыран мен камикадзе пилотсыз әуе көліктерін бірнеше рет атып құлатқанын жариялаған еді.

Әлемдік сауданың шамамен 12 пайызы Жерорта теңізін Қызыл теңізге жалғайтын, Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа жолды ұсынатын Суэц каналы арқылы жүзеге асырылады.



Ұқсас жаңалықтар