Израиль қатыгездігін жалғастыруда

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар санны 28 мың 340-қа жетті.

2101526
Израиль қатыгездігін жалғастыруда

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 28 мың 340 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 12 мың 300 бала, 8 мың 400 әйел қаза тауып, 67 мың 984-і жараланды.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Израиль армиясы Газа секторына шабуылдарын 130-шы күні жалғастырып, халықты аш және шөлде қалдырып, гуманитарлық апатқа ұшыратты.

Денсаулық сақтау көздері Газаның орталық бөлігіндегі Нусейрат босқындар лагерінің соғыс ұшақтарымен нысанаға алынғанын, шабуылда 5 адамның өлгенін білдірді.

Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласының Эль-Беразил ауданында жасалған әуе шабуылында 1 бала қаза тауып, 4 адам жараланды.

Хан-Юнус қаласының шығыс және батыс бөліктерінде де артиллериялық шабуылдар жасалды.

Енді бір жағынан, Хан Юнустағы Насер ауруханасында электр жарығы толығымен өшірілді.



Ұқсас жаңалықтар