Мұғалімдер ереуілге шықты

Желтоқсан айынан бастап кәсіподақтар жалақы мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп отыр.

2096283
Мұғалімдер ереуілге шықты

Францияда бастауыш және орта мектеп мұғалімдері жалақыларын көтеруді талап етіп, бүгін ереуілге шықты.

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда, елдің жетекші білім кәсіподақтарының шақыруымен ел астанасы Парижде және көптеген қалада мұғалімдер ереуілге шықты.

Желтоқсан айынан бастап кәсіподақтар жалақы мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Білім министрі Амели Оудеа-Кастераның мемлекеттік мектептерге қатысты сыни мәлімдемелері реакция тудырған болатын.

Министр мемлекеттік мектептерде сабақ мұғалімсіз өтетінін, сондықтан ата-аналардың балаларын жекеменшік мектептерге жібергенін мәлімдеген соң, «бізді құнсыздандырды»  деген ойға келген мұғалімдер үкіметке наразылық білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар