Хамас Тель-Авивке шабуыл жасады

Иззеддин әл-Кассам бригадалары Израильдің астанасы Тель-Авивті зымыранмен атқылады.

2094884
Хамас Тель-Авивке шабуыл жасады

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадалары Израильдің Газа секторындағы қырғындарына тойтарыс ретінде ел астанасы Тель-Авивті зымыранмен атқылағанын жариялады.

Кассам бригадаларының «Telegram» аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Басқыншы мемлекет Израильдің бейбіт тұрғындарды қырып-жоюына тойтарыс ретінде Тель-Авивке зымыранмен соққы бердік» делінді.

Енді бір жағынан  Израильдің «Канал 12» телеарнасы «Үлкен Тель-Авив аймағында (орталық аймақ) сиреналар естілді және Газа секторынан Үлкен Тель-Авив аймағына қарай кемінде 12 зымыран ұшырылды» деп хабарлады.

Ливандағы Хизбулла қозғалысы да соңғы 24 сағатта Израиль шекарасындағы әскери орындарға Иранда жасалған зымырандар және әртүрлі қарулармен 13 рет шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар