Батқан кемедегі түрік теңізшілер құтқарылды

Шанхай қаласы маңында соқтығысқан екі кеменің бірі батты.

2092931
Батқан кемедегі түрік теңізшілер құтқарылды

Қытайдың Шанхай қаласы маңында соқтығысқан екі кеменің бірі батты.

Батқан кемеде түрік теңізшілер де болған.

Транспорт және инфрақұрылым министрлігіне қарасты Теңіз шаруашылығы бас дирекциясы «Омега» атты кеменің «Мирабелла» атты кемемен Шанхай маңында соқтығысқанын білдірді. Апатқа орай түрік теңізшілер бар «Омега» атты кеменің батқанын хабарлады. Кемеден уақытында шығып үлгерген 21 теңізшінің 16-сы түрік азаматы. Теңізшілер құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар