Палестина мемлекетін тануға шақырды

Испания Сыртқы істер министрі Альбарес шақыру тастады.

2091832
Палестина мемлекетін тануға шақырды

Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес Еуропа Одағын Израильдің шабуылдарын тоқтатуға және Палестина мемлекетін тануға шақырды.

Альбарес Бельгияның бас қаласы Брюссельде өткен ЕО Сыртқы істер министрлері жиналысына кірер кезде мәлімдеме жасады. «Енді екі мемлекетті шешім мен Палестина мемлекетін мойындау уақыты келгенін» тілге тиек еткен Альбарес ЕО-тағы барлық мүше елмен әрі Палестина мемлекетінің танынуы, әрі халықаралық бейбітшілік конференциясын ұйымдастыру үшін сөйлескендерін айтты.

«Бүкіл әлем бірдей ойда болмауы мүмкін. Жеңіл емес.  Бірақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнауы тақырыбында еуропалықтардың барлығы бірдей ойда. Израильді де қамтитындай түрде бейбітшілік пен қауіпсіздік Палестина мемлекетінің тұрақтылығына байланысты. Осы қақтығыстың тоқтауын қалайтын болсақ, Палестина халқына үміт беруіміз керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар