Жапонияда адам шығыны 180-ге жетті

Исикава Аймақтық әкімшілігі жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны жариялады.

2086092
Жапонияда адам шығыны 180-ге жетті

Жапонияның батысындағы Исикава штаты және Ното түбегі жағалауында болған жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 180-ге жетті.

Исикава Аймақтық әкімшілігі жасаған мәлімдемеде айдың алғашқы күндерінде болған бірнеше жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 180-ге жеткені хабарланды.

Мәлімдемеде штат бойынша 28 мыңнан астам адамның эвакуациялау пунктінде қонғаны, 3 мың 300 адамның жабық жолдарда амалсыз қалғаны білдірілді.

Екі аптаға созылған аралық үзіліс пен «Ересектер күні» (Сейджин но Хи) мемлекеттік мерекесінің артынан бүкіл елде 9 қаңтар күні оқу процесі басталса да, Исикавадағы 80-нен астам мектепте сабақты бастау әлі мүмкін болмады.

Жер сілкінісі кезінде мектептердің зақымданғаны айтылды.

Министрлер кабинеті аймақты қалпына келтіру үшін 2023 Қаржы жылы резервтік қорынан 4,7 миллиард иен (33 миллион доллар) қаржы бөлуге шешім қабылдады.

Жапония Метеорология агенттігі Ното түбегі мен Исикава аймағы жағалауында 1-4 қаңтар күндері аралығында магнитудасы 4 бен 7 балл аралығында өзгерген жер сілкіністері тіркелгенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар