Израиль Газаға 86 күн бойы шабуыл жасауда

Израиль күштері 7 қазаннан бері Газа секторында күніне кемінде 181 әйел мен баланы өлтірді.

2082680
Израиль Газаға 86 күн бойы шабуыл жасауда

Газа үкіметінің баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеде Израильдің Газаға 86 күн бойы жасаған шабуылдарында 9 мың 100 бала мен 6 мың 500 әйелдің қаза тапқаны атап өтілді.

Мәлімдемеде 70 пайызы әйелдер мен балалардан құралған 7 мың адамның үйінді астында қалғаны немесе із-түзсіз жоғалғаны баяндалып, ауруханаларға жеткен өлім санының 21 мың 822, жараланғандардың 56 мың 451 болғаны еске салынды. 

Мәлімдемеде Денсаулық сақтау саласына қатысты заң бұзушылықтар болғаны, Израиль күштерінің 312 денсаулық сақтау қызметкері мен 40 азаматтық қорғаныс қызметкерін өлтіргені атап өтілді.

Мәлімдемеге қарағанда, Израиль шабуылдарынан 106 журналист қаза тапты.

Израиль күштері 99 медицина қызметкері мен 10 журналистті ұстады, 2,3 миллион халқы бар Газа секторында 1,8 миллион адам босқынға айналды.

Израиль армиясының шабуылдары кесірінен Газа секторындағы 126 мемлекеттік мекеме мен 92 мектеп пен университет қирады. Газа секторында барлығы 290 мың үй зақымдалды. 65 мың үй, 119 мешіт және 3 шіркеу толығымен құлады.

Израиль армиясы 142 денсаулық сақтау мекемесін нысанаға алып, 53 денсаулық орталығы мен 23 аурухананы пайдаланудан шығарды және 104 жедел жәрдем көлігін жарамсыз етті.



Ұқсас жаңалықтар