Иран Сыртқы істер министрі мен Ресей Сыртқы істер министрі сөйлесті

Әңгімеде екіжақты қарым-қатынастардан бөлек Оңтүстік Кавказдағы соңғы оқиғалар мен кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.

2081248
Иран Сыртқы істер министрі мен Ресей Сыртқы істер министрі сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты қарым-қатынастар және аймақтық мәселелерге баға берді.

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Абдуллахиян Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде екіжақты қарым-қатынастардан бөлек Оңтүстік Кавказдағы соңғы оқиғалар мен кейбір аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды.

Абдуллахиян Әзербайжан мен Армения арасында тұрақты бейбіт келісімге қол жеткізу үшін келіссөздер үдерісін құптағандарын білдіріп, Иранның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуын қолдайтынын айтты.

Лавров болса Иранның Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда келісіміне қол қоюын құптап, бұл келісімнің Иран, Ресей және одаққа мүше елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамуы үшін маңызды қадам екенін мәлімдеді.

Лавров екі елдің Рашт-Астара темір жолы жобасындағы ынтымақтастығына назар аударып, елінің жобаның жүзеге асуын тездетуге табандылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар