"Украинаны қолдауымыз қажет"

Столтенберг "Украинаны қаншалықты көп қолдасақ, соғыс соншалықты тез аяқталады» деді.

2072097
"Украинаны қолдауымыз қажет"

НАТО  Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей-Украина соғысында одан да нашар хабарларға дайын болу керектігін айтты.  Ол Украинаның жанында болудың қажеттігін баса көрсетті.

Столтенберг Германияның «ARD» телеарнасында бір бағдарламаға қатысып, «Украинада одан да нашар хабарларға дайын болу керек.  Соғыс сатылап ілгерілейді.  Бірақ жақсы және жаман кездерде Украинаның жанында болуымыз қажет» деді.

Ресей-Украина соғысының әбден әлсірететін және логистикалық соғыс екенін білдірген Столтенберг «Майдандағы шындық жағдай туралы не айтылады, себебі соғыста не боларын білмейсіз. Бір нәрсені ғана білемін: Украинаны қаншалықты көп қолдасақ, соғыс соншалықты тез аяқталады» деді.

Столтенберг Ресей соғыстан жеңіспен шықса,  Украина үшін трагедия,  бірақ сонымен бірге батыс үшін де қауіпті болатынын айтты.

Ол сонымен бірге Еуропа қорғаныс өнеркәсібінің жағдайының да қаралуы керектігін білдірді. «Бірігіп жақыннан жұмыс істей алмай отырмыз.  Мен ешкімге күнә артқым келмейді.  Бірақ бұның индустрияның мүддесіне болатынын,  жұмысқа адам орналасатынын, НАТО-дағы баршаға пайда әкелетінін білу керек. Оқ-дәрі сұранысының артуының бағаның артуына жол ашуының алдын алуымыз керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар