АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Түркиядан бұрын іс-сапармен Израиль мен Иорданияға барады.

2059364
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға келеді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға келеді.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы 5 қараша күні Түркияға барады.

Блинкен Түркиядан бұрын Израиль мен Иорданияға ресми сапармен барады.

Энтони Блинкен Израиль мен Хамас арасында 7 қазан күні қақтығыстар басталғаннан бері үшінші рет Тель-Авивке барады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Блинкеннің жұма күні Израиль мен Иорданияға баратынын атап, «Израильдің халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес өзін қорғау құқығын қолдайтынымызды қайталап, бейбіт тұрғындардың шығынын барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдау керектігіне қоса, гуманитарлық жәрдем қамтамасыз ету жұмысымыз да талқыланады» деді.

Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні таңертең Израильдің «Палестиналықтарға және әл-Ақса мешітінен бастап, қасиетті құндылықтарға қарсы қайталанатын бұзушылықтарына жауап ретінде» ауқымды шабуыл жасады. Израиль армиясы болса Газа секторына қарқынды түрде әуе шабуылдарын бастады.

Израильдік лауазымдылар Газадан жасалған шабуылдарда 315 әскер, барлығы 1400-ден астам израильдіктің қаза тапқанын және 5 мың 132 адамның жараланғанын хабарлады.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы Хагари Газа секторында әл-Кассам бригадасының қолында 240 израильдік тұтқын бар екенін білдірді. Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында 9 мыңға жуық адам қаза тауып, 22 мыңнан астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар