Швеция Құран кітапты өртеген Момиканы депортациялауға шешім қабылдады

Иммиграциялық кеңсенің баспасөз хатшысы Джеспер Тенгрот мәлімдеме жасады.

2056745
Швеция Құран кітапты өртеген Момиканы депортациялауға шешім қабылдады

Швеция соңғы айларда Құран кітапты өртеп арандатушылық жасаған ирактық Салван Момиканы тұру визасының мерзімі біткен соң депортациялау туралы шешім қабылдады.

Көші-қон кеңсесінің баспасөз хатшысы Джеспер Тенгрот «TV4» телеарнасына берген мәлімдемесінде Момиканың 2024 жылдың 16 сәуір күніне дейін жұмыс істеуге және тұруға рұқсаты бар екенін айтты.

Тенгрот осы күннен кейін тұруға және жұмыс істеуге рұқсат берілмейтін Момиканың елден шығарылатынын мәлімдеді.

Момиканың жалған мәлімдемесі себепті осындай шешім қабылдағандарын айтқан Тенгрот «Біз тұруға және жұмыс істеуге рұқсат алуға арналған виза өтінішінде тұлғаның жалған мәліметтерін анықтадық, сондықтан оны депортациялау туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ Швецияға 5 жылға кіруге тыйым салынды» деді.

Момиканың депортация туралы шешімге наразылық білдіріп, иммиграциялық сотқа шағым жасауы күтілуде.

Салван Момика бас қала Стокгольмде Құрбан айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген 28 маусым күні Стокгольм мешітінің алдында полиция қорғауында Құран кітапты өртеп жіберген еді.

Момика 20 шілде күні Стокгольмдегі Ирак елшілігі алдында, 14 және 31 шілде күні Швеция парламенті алдында полицияның қорғауында Құран мен Ирак туын қорлаған болатын. Момика тамыз айының 24-і күні Стокгольм мешітінің алдында Құран кітапты қайта өртеді.

3 қыркүйек күні Мальме қаласында наразылық шерулері өтіп, Момика полицияның қорғауында Құран кітапты тағы өртеп, оған кедергі келтірмек болған 15 адам ұсталған еді.

Момика соңғы рет 21 қазан күні Стокгольмның орталығында Израильге қолдау шеруін өткізіп, Құран мен Палестина туын өртеді.



Ұқсас жаңалықтар