ЕО Украинаға 50 миллиард еуро көлеміндегі жәрдем бюджетін бекіте алмады

Украинаға 50 миллиард еуролық көмек Венгрия мен Словакияның наразылығы себепті бекітілмеді.

2056866
ЕО Украинаға 50 миллиард еуро көлеміндегі жәрдем бюджетін бекіте алмады

Еуроодаққа (ЕО) мүше елдер Украинаға 50 миллиард еуролық көмек қарастырылған бюджетті Венгрия мен Словакияның наразылығы себепті байланысты бекіте алмады.

«Politico» газетінің хабарлауынша, Еуроодақ Киевке 2024-2027 жылдары үшін Украинадағы бюджет тапшылығын 45 пайызға жабуға мүмкіндік беретін қаржылық көмек көрсетуді жоспарлаған еді. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен болса 50 миллиард еуролық қаржылай берілеті көмектің грант пен несиелер түрінде аударылатынын хабарлады.

Алайда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан кеше өткен Көшбасшылар саммитінде ЕО-ның Украинаны қолдау жүйесі «жұмыс істемейді» деп мәлімдеді.

Словакияның жаңадан сайланған премьер-министрі Роберт Фико да Киевке қаржылық қолдау «елдегі жемқорлық мәселесі» себепті қарсылық білдірді.

Осы арада Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель Еуроодақ елдерінің саммитте жалпы консенсусқа келгенін айтып, бюджет жобасының 2023 жылдың соңына дейін бекітілетініне үміттенетінін білдірді. Бюджет алдағы уақытта тағы да талқыланады.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Киевке 150 миллион долларлық әскери көмек беретіні, көмекке американдық әуе қорғаныс жүйелері мен танкке қарсы қарулар кіретіні хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар