Путин Пригожинді жерлеу рәсіміне қатыспайды

Дмитрий Песков тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2030579
Путин Пригожинді жерлеу рәсіміне қатыспайды

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнердің» негізін қалаушы Евгений Пригожинді жерлеу рәсіміне қатыспайды.

Ресей Президенттік сарайының (Кремль) баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бас қала Мәскеуде жекеменшік ұшақтың құлауы салдарынан қайтыс болғаны жарияланған Пригожиннің жерлеу рәсіміне қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Жерлеу рәсімі туралы өздеріне хабарланбағанын айтқан Песков «Бұл мәселе бойынша шешімді отбасы мен достары қабылдайды, оларсыз ештеңе айта алмаймыз. (Путин) Президенттің салтанатты шараға қатысуы болжанбайды» деді.

Ресей федералдық Авиация агенттігінің (Росавиация) 23 тамыз күні жасаған мәлімдемесінде жолаушылар арасында Пригожин де бар ұшақтың Тверьде құлауы салдарынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин ұшақта қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар