Урсула фон дер Ляйен Ресей-Украина соғысы туралы мәлімдеме жасады

Урсула фон дер Ляйен Путин Украинаны бомбалауды тоқтатса, келесі күні бейбіт келіссөздер жүргізілуі мүмкін екенін айтты.

2139144
Урсула фон дер Ляйен Ресей-Украина соғысы туралы мәлімдеме жасады

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Ресей президенті Владимир Путин Украинаны бомбалауды тоқтатса, келесі күні бейбіт келіссөз жүргізілуі мүмкін екенін айтты.

Еуропарламент  сайлауына үгіт-насихат жүргізу үшін Италияның астанасы Римде жүрген Урсула фон дер Ляйен Еуропа халықтық партиясы (EPP) тобы ішінде орын алған Forza Italia (FI) басшысы, Премьер-министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі Антонио Таянимен кездесті.

Италия баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Урсула фон дер Ляйен  кездесуде 2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы туралы мәлімдеме жасап, «Егер Путин бомбалауды тоқтатса, келесі күні бейбіт келіссөз жүргізілуі мүмкін. Бірақ бейбітшілік процесін украиндықтар басқаруы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар