Израильдің шабуылында 35 мың 173 адам қаза тапты
Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 173-ке жетті.
Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 82-ге артып, 35 мың 173-ке жетті.
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің 221 күннен бері Газа секторында жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.
Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның түрлі аймақтарына жасаған шабуылдарымен 8 қырғын жасағаны, бұл шабуылдарда тағы 82 палестиналықтың қаза тапқаны және 234 палестиналықтың жараланғаны атап көрсетілді.
Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 35 мың 173-ке, жараланғандар санының 79 мың 61-ге жеткені баяндалды.
Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдардың бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны да білдірілді.