Құран кітапты өртеуге қарсы шыққан пәкістандық қамауға алынды

Құран кітапты өртеуге жол бермеуге тырысқан пәкістандық Малик Шахза қамауға алынды.

2030431
Құран кітапты өртеуге қарсы шыққан пәкістандық қамауға алынды

Швецияның бас қаласы Стокгольмде Құран кітапты өртеуге көз жасымен жол бермеуге тырысқан кезде полицияның араласуына ұшыраған пәкістандық Малик Шахза бұл шабуылдар себепті ұйықтай алмағанын білдірді.

Пәкістандық Шахза ирактық Салман Момиканың Пәкістан елшілігі алдында Құран кітапты өртеуіне наразылық білдірді.

Шахза қауіпсіздік белдеуінің арғы жағынан Момикаға айқайлап, «Өтінемін, Құранды өртесеңіз, бұл жақсылық емес. Өзімді жаман сезінемін, түнде ұйықтай алмаймын. Жүрегім ауырады, неге Құранды өртейсің? Неге менің үйім деп есептеген Пәкістан елшілігі алдына келіп, Құран кітапты өртейсің? Мен ауырып жатқан адаммын, ұйықтай алмаймын, мұны тоқтатыңызшы. Неліктен полиция бұған жол береді?» деді.

Осыдан кейін полиция қолымен ауызын жауып, аймақтан шығарған Шахзаны қысқа уақытқа қамауға алды.

Акциядан кейін Момика полицияның броньды көлігімен оқиға орнынан кетті және онымен 10-ы брондалған, барлығы 20 полиция көлігі және 100-ге жуық полиция қызметкері еріп жүрді.



Ұқсас жаңалықтар