АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония көшбасшылары кездесті

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония көшбасшылары қауіпсіздік және экономикалық байланыстарды кеңейтуге келісті.

2026638
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония көшбасшылары кездесті

АҚШ президенті Джо Байден, Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл және Жапония премьер-министрі  Фумио Кишида Мэриленд штатының Кэмп Дэвид қаласында өткен үшжақты саммитте кездесті.

Саммиттен кейін жарияланған бірлескен мәлімдемеде көшбасшылар қауіпсіздік саласындағы серіктестікті тереңдетумен қатар, экономика және технология салаларында мықты ынтымақтастық құруға баса назар аударатындарын білдірді. 

Мәлімдемеде үш ел арасындағы Үнді-Тынық мұхиты жолын үйлестіру және бірлескен іс-қимылдың жаңа бағыттарын анықтау үшін «Үш жақты Үнді-Тынық мұхиты диалогы» деп аталатын тағы бір механизм іске қосылып, жыл сайынғы келіссөздер жүргізілетіні айтылды.

АҚШ-тың ұйымдастыруымен өткен үш жақты саммитте Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынақтары, Қытай Халық Республикасының Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты талаптары және Ресейдің Украинаға қарсы соғысына наразылықтары ашық білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар