Израиль жаңа жылдан бері 40 палестиналық баланы өлтірді

Халықаралық балаларды қорғау қозғалысы Палестина бөлімшесі мәлімдеме жасады.

2021242
Израиль жаңа жылдан бері 40 палестиналық баланы өлтірді

Халықаралық балаларды қорғау қозғалысы Палестина бөлімшесінің лауазымдыларының бірі Айид Әбу-Катиш Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ға мәлімдеме жасады.

Басқыншылық астындағы Шерияның батысында заңсыз еврей қонысының қауіпсіздік қызметкері атқан оқтың салдарынан жарақат алған 17 жастағы палестиналық Ремзи Фетхи Хамидтің бүгін азанда ауруханада қайтыс болғанын еске салған Әбу-Катиш жаңа жылдан бері Израиль өлтірген палестиналық балалар санының 40-қа өскенін атап көрсетті.

Әбу-Катиш Израиль күштерінің немесе еврей қоныстанушыларының осы уақыт ішінде Шерияның батысында 33 баланы және қоршаудағы Газа секторында 7 баланы өлтіргенін мәлімдеді.

Израиль әкімшілігі қазір 160 палестиналық баланы қамауда ұстағанын атап көрсеткен Әбу-Катиш олардың 21-інің әкімшілік қамау аясында ұсталғанына назар аударды.

Қылмыстардың жазасыз қалуының еврей қоныстанушыларды палестиналық балаларды өлтіру үшін ынталандырғанын атап көрсеткен Әбу-Катиш еврей қоныстанушылардың балалардың өлімімен нәтижеленетін шабуылдарының әрқашан жазасыз қалғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар