Үндістандағы су тасқыны салдарынан 150 адам қаза тапты

Уттаракханд уәлаятындағы Ямуна өзенінен тасқан су Тәж-Махалға дейін жетті.

2013380
Үндістандағы су тасқыны салдарынан 150 адам қаза тапты

Үндістандағы су тасқыны салдарынан 34-і соңғы 24 сағатта тіркелген, барлығы 150 адам қаза тапты.

Уттаракханд уәлаятындағы Ямуна өзенінен тасқан су Тәж-Махалға дейін жетті.

CNN-нің хабарына қарағанда Ганг өзеніне төгілетін ең үлкен Ямуна өзенінің суы шамамен 208 метрге көтеріліп, Тәж-Махалға дейін ұласты.

Сарапшылар Үндістанда су тасқынының жиі болатынын және климаттық өзгерістің су тасқындарының саны мен күшін арттыратынына назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар