Пәкістандағы муссон жаңбыры салдарынан 13 адам қаза тапты

Муссон жаңбырының салдарынан көптеген адам да жарақат алды.

2013467
Пәкістандағы муссон жаңбыры салдарынан 13 адам қаза тапты

Пәкістанның бас қаласы Исламабадта муссон жаңбырының салдарынан болған апаттар мен жол-көлік оқиғасынан 13 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Бас қаланың Голра Мор аймағында жаңбыр салдарынан құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан бір көпірдің маңындағы қабырға опырылып құлады.

Көпір құрылысында жұмыс істейтін жұмысшылардың 12-сі шатырларында ұйықтап жатқан кезде құлаған қабырғаның үйінділері астында қаза тапты.

Екінші жағынан Исламабадтың «Мұхаммеди Таун» аумағында да құлаған қабырғаның астында қалған бір баланың мерт болғаны білдірілді.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан тайғақ жолдарда жол-көлік оқиғалары орын алды.

Исламабад-Пешавар тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан 11 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар