Жаңа әлеуметтік медиа платформасы "Threads" желісі дайын

"Meta" технологиялық компаниясы 6 шілдеде "Twitter-ге" бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік медиа платформасы "Threads" желісін іске қосады.

2006913
Жаңа әлеуметтік медиа платформасы "Threads" желісі дайын

"Instagram" және "Facebook-тің" иесі "Meta" технологиялық компаниясы 6 шілдеде "Twitter-ге" бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік медиа платформасы "Threads" желісін іске қосады.

BBC хабарына қарағанда тегін медиа желісінде көруге болатын мазмұнның санына шектеу қойылмайтыны межеленуде.

Жаңа платформаның көрнекті көрінісіндегі қолданба интерфейсінің "Twitter-ге" ұқсастығы  назар аударды, "Meta" компаниясы "Threads" желісінің «мәтінге негізделген чат қолданбасы» болатынын жариялады.

"App Store" арқылы қосып алынатын "Threads" желісінде мекен туралы ақпарат, сатып алынған өнімдер және интернет тарихы сияқты көптеген деректерге қол жеткізуге болады.

"Meta" компаниясының Бас директоры Марк Цукербергтің қолындағы қаржылық ресурстармен "Twitter-ге" нағыз бәсекелес болатыны межеленуде.

"Instagram-мен" үйлесімді түрде жұмыстанатын "Threads" арқылы жүз миллиондаған парақшаға  жетуді мақсат еткен Цукерберг Илон Масктың "Twitter-ді" сатып алғаннан кейін қабылдаған әртүрлі шешімдеріне байланысты платформаны пайдалануды тоқтатқан адамдарды өзіне тартуды үміт етіп отыр. 

Маск 2 шілдеде платформадағы айла-шарғыларды анықтау үшін пайдаланушыларға мазмұнды қарауға уақытша  шектеме қойғанын хабарлаған болатын.

Расталған есептердің күнде 8 мың мазмұнды, тексерілмеген парақшалардың 800 мазмұнды көре алатынын атап өткен Маск жаңа расталмаған парақшалардың күніне 400 жазбаны оқи алатынын айтты.

Өткен жылы «ақылы растау қызметін» іске қосқан "Twitter" жақында танымал басқару құралдарының бірі "Tweetdeck" желісінің 30 күн ішінде ақылы болатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар