Энтони Блинкен мен Цинь Ган Бейжіңде кездесу өткізді

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытай сапары аясында әріптесі Цинь Ганмен кездесу өткізді.

2001427
Энтони Блинкен мен Цинь Ган Бейжіңде кездесу өткізді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайға жасаған ресми сапары аясында  әріптесі Цинь Ганмен кездесу өткізді.

Қытай Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда министр Цинь Ган Қытай-АҚШ қарым-қатынастарының дипломатиялық байланыстар орнағаннан бергі ең нашар кезеңде екеніне назар аударып, бұл жағдай екі ел халының мүдделеріне және халықаралық қауымдастықтың  үмітіне сәйкес келмейтінін мәлімдеді.  

Қытайдың АҚШ-пен қарым-қатынасын төраға Си Цзиньпин алға қойған өзара құрмет, бейбіт қатар өмір сүру және «жеңіске қол жеткізу» ережелері аясында көретінін білдірген Цинь Ган бұл қағидалар қарым-қатынастарды ортақ рухы, мақсаты және қызыл сызығы болуы қажет екенін атап көрсетті.

Цинь Ган Америка Құрама Штаттарымен тұрақты, болжамды және сындарлы қарым-қатынас орнатуды қалайтындарын мәлімдеді.

Цинь Ган:

«Біз АҚШ-тың Қытайға объективті және ұтымды көзқарасын қабылдап, Қытаймен қарым-қатынастардың саяси негізін сақтау және жеке күтпеген оқиғаларды ұтымды, сабырлы және кәсіби түрде шешу үшін жұмыс істеуін үміт етеміз» деді.

Қытай министрі тараптардың Балидегі кездесуінде АҚШ пен Қытай басшылары қол жеткізген түсіністіктің мазмұны мен рухына сәйкес қарым-қатынастарды қайтадан тұрақты бағытқа түсіруге ұмтылу керектігін атап өтті.

Цинь Ган Тайвань мәселесінің Қытайдың ең негізгі мүддесі, ең маңызды мәселесі және Қытай-АҚШ қарым-қатынасындағы ең айқын тәуекел екенін баса айтып, АҚШ тарапын бір Қытай принцибін, "Үштік ортақ келісімдегі" міндеттемелерін сақтауға шақырды.

Дипломатиялық қарым-қатынастардың негізін құрайтын декларациялар және «Тайвань» тәуелсіздігін қолдамау туралы өз міндеттемелерін сақтауға да шақыру тастады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған мәлімдемеде министр Блинкеннің қате түсінік пен есептеу қаупін болдырмау үшін әртүрлі проблемалық салаларда және дипломатияда байланыс арналарын ашық ұстаудың маңыздылығына назар аударғаны білдірілді.

Мәлімдемеде министр Блинкен қарым-қатынастардағы алаңдаушылық тудыратын көптеген мәселелерді, сондай-ақ Қытаймен мүдделері тоғысатын трансұлттық мәселелердегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін атап өткені хабарланды.

Мәлімдемеде:

«Мемлекеттік хатшы Америка Құрама Штаттары әрқашан американ халқының мүдделері мен құндылықтарын қорғайтынын және еркін, ашық әлемді және ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті қорғау үшін одақтастармен және серіктестермен жұмыс істейтінін ашық айтты» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Билинкеннің Цинь Ганды диалогты жалғастыру үшін Вашингтонға шақырғаны атап өтілді.

Кездесу барысында тараптар Қытай-АҚШ қарым-қатынасындағы жетекші қағидалар бойынша консультацияларды жалғастыруға, бірлескен жұмыс тобымен қарым-қатынастардағы белгілі бір проблемаларды шешуге, бизнес пен білім саласындағы халықтардың өзара әрекеттесуіне жәрдемдесуге келісті.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен байланыс арналарын ашық ұстау және бәсекелестік пен қарым-қатынастардағы шиеленістер артып отырған бір кезеңде проблемалар мен келіспеушіліктерді жөнге салу мақсатымен Қытайға сапармен барған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар