Столтенберг Швецияның НАТО мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Түркияның қауіпсіздік алаңдаушылығы орынды» деді.

2000097
Столтенберг Швецияның НАТО мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүше болуының 11-12 шілдеде өтетін НАТО саммитіне дейін мүмкін екенін, бірақ оған кепілдік бере алмайтынын айтты.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде өткен НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Швецияның НАТО мүшелігінің Вильнюс саммитіне үлгеруі  мүмкіндігі туралы сұраққа Столтенберг Түркия, Швеция және Финляндия арасындағы Тұрақты ортақ механизм жиналысының кеше бас қала Анкарада сындарлы ортада өткенін айтты.

Столтенберг Швецияның өткен жылғы Мадрид саммитінде келісілген үшжақты меморандум аясында өз міндеттемелерін орындағанын мәлімдеді.

«Түркияның қауіпсіздік алаңдаушылығы орынды. Ешбір одақтас террордан Түркиядан артық зардап шеккен жоқ» деген  Столтенберг Швецияның мүшелігі туралы былай деді: «Швецияның мүшелігі Вильнюс саммитіне дейін мүмкін, бірақ мен оған кепілдік бере алмаймын. Біз Швецияның мүмкіндігінше тезірек қатысуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда мен Президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген кездесуге және  осы аптадағы Тұрақты ортақ механизм жиналысына ризамын».

НАТО бас хатшысы «USA Today» агенттігіне берген сұхбатында Вильнюсте өтетін НАТО саммитінде Украинаны НАТО-ға мүшелікке шақыруының  күн тәртібінде болмайтынын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар