Йенс Столтенберг Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады

3 маусым күні президент Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысатын Столтенберг президент Ердоғанмен қатар Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларымен екі жақты кездесулер өткізеді.

1994649
Йенс Столтенберг Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг 3-4 маусымда Түркияға келіп, президент Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады және жоғары деңгейде келіссөздер жүргізеді.

НАТО мәлімдемесіне қарағанда Столтенберг 3-4 маусымда бас қала Анкараға келеді.

3 маусым күні президент Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысатын Столтенберг президент Ердоғанмен қатар Түркияның жоғары лауазымды тұлғаларымен екі жақты кездесулер өткізеді.

Столтенберг мәлімдемесінде Түркиядағы сайлаудан кейін Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы диалогты қайта бастауды қалайтынын және мәселені талқылау үшін Анкараға келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар