Илон Маск Twitter-дің Бас директоры міндетінен кетеді

Илон Маск "Twitter-ге жаңа бас директорды жұмысқа алғанымды қуанышпен хабарлаймын" деді.

1985689
Илон Маск Twitter-дің Бас директоры міндетінен кетеді

Илон Маск Twitter-дің Бас директоры міндетінен кететінін хабарлады.

Маск өзінің Twitter парақшасында бөліскен мәлімдемесінде:

"Мен Twitter-ге жаңа бас директорды жұмысқа алғанымды қуанышпен хабарлаймын. Ол шамамен 6 аптадан кейін қызметке кіріседі"  деді.

Маск өзінің рөлі басқарма төрағасы және өнімдерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және қызметтерді қадағалайтын Бас технологиялық директор болатынын мәлімдеді.

Масктың мәлімдемесінен жаңа бас директордың әйел болатыны белгілі болғанымен, аты-жөні айтылмады.

Желтоқсан айында Илон Маск Twitter-дің Бас директоры қызметінен кету-кетпеу туралы сауалнама жүргізіп, нәтижені қабылдайтынын айтқан еді.

17 миллион 500 мыңнан астам адам дауыс берген сауалнама нәтижесіне қарағанда  қатысушылардың 57.5 ​​пайызы Масктың кетуін, 42.5 пайызы жалғастыруын қалайтынын білдірді.

Маск компанияны басқаруға жеткілікті «ақымақ» біреуді тапқан кезде Twitter бас директоры қызметінен кететінін, содан кейін ол тек бағдарламалық жасақтама мен жүргізуші командаларын басқаратынын мәлімдеді.

"Tesla" компаниясының акционерлері Twitter-мен айналысу Масктың жұмысын ауырлатқанын ойлап, оның негізгі міндеттеріне назар аудара алмауынан алаңдайды.



Ұқсас жаңалықтар