Сербияда 7-ші сынып оқушысы шабуыл жасады

Сербия Ішкі істер министрлігі оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

1982151
Сербияда 7-ші сынып оқушысы шабуыл жасады

Сербияның бас қаласы Белградта 7-ші сынып оқушысының мектепте жасаған қарулы шабуылында бір адам қаза тауып, 5 адам жараланды.

Сербия Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Белградтағы «Владислав Рибникар» атындағы бастауыш мектептің 7-ші сынып оқушысының таңертең күзетшілер мен оқушыларға оқ атқаны білдірілді.

Шабуылда мектеп күзетшісінің қаза тапқаны, 5 оқушының жараланғаны айтылды.

Жаралы оқушылардың ауруханаға жеткізілгені білдірілген мәлімдемеде бір оқушының басынан жарақат алғаны және ота жасалғаны хабарланды.

Мәлімдемеде шабуылды әкесіне тиесілі қарумен жасағаны болжалған баланың тергеуге алынғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар