Шойгу армияда қару-жарақ толық екенін айтты

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина армиясын ауыр шығынға ұшыратқандарын, соғыстың жалғасқанын айтты.

1981841
Шойгу армияда қару-жарақ толық екенін айтты

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу армияға жеткілікті мөлшерде оқ-дәрі жіберілгенін мәлімдеді.

Әскери лауазымдылармен кездесуде Шойгу Ресей-Украина соғысы мен батыстың әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Ресей Қарулы күштерінің Украинадағы соғысын жалғастырғанын және Украина армиясының шығынға ұшырағанын атап көрсеткен Шойгу:

«Батыс елдерінің бұрын-соңды болмаған әскери қолдауына қарамастан, жау айтарлықтай шығынға ұшырауда. Тек соңғы бір айда 15 мыңнан астам әскері шығындалды. Жауынгерлеріміз 8 ұшақ, 277 ұшқышсыз әуе көлігі,  430 танк пен сауытты техникасынан айырылды.18 көп ұңғылы зымыран, 225 гаубицалар мен зеңбірегі күйретілді. Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктері бойынша батыс елдері жолдаған қару-жарақтарды жоюды жалғастырудамыз» деді.

Елінде қорғаныс саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға өндірісті арттыруға нұсқау берілгенін атап көрсеткен Шойгу аталған аймақта үкіметтің тапсырыстарын орындау үдерісін бақылап отырғандарын білдірді.

Қорғаныс министрі Сергей Шойгу:

«Қортып айтқанда 2022 жылдың басымен салыстырғанда ерекше сұранысқа ие қару-жарақтарды сатып алу 7 есеге, ал қарудың жалпы түрлерін сатып алу 2.7 есе артты. Жауды жеңу үшін Ресей Қарулы Күштеріне жеткілікті мөлшерде оқ-дәрі жеткізілді. Жалпы алғанда қорғаныс саласы армия мен флоттың қажеттіліктерін қамдап отыр. Дегенмен, кәсіпорындардың міндеттемелерін орындамау қаупін дер кезінде анықтап, қажетті шараларды жедел қабылдау қажет» деп көрсетті. 

Қорғаныс саласында жұмыс істейтін «Тактикалық зымыран қаруы» зауытының мемлекеттік тапсырыстарды уақытында орындағанын айтқан Шойгу:

«Дәлдігі жоғары қару-жарақ өндірісінің көлемін тез арада екі есеге арттыру қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар