БҰҰ Суданнан шегінбейді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Суданның ішінде және сыртында операцияларды жалғастыратындарын мәлімдеді.

1978845
БҰҰ Суданнан шегінбейді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш қызметкерлердің қақтығыстар жалғасып жатқан Судандағы қауіпсіз жерлерге көшірілгенін, бірақ бұл елдің ішінде және сыртында операцияларын жалғастыратындарын мәлімдеді.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хактың жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Бас хатшы Гутерреш БҰҰ-ның жүздеген қызметкерінің Хартумнан және басқа жерлерден қауіпсіз көшірілуін құптады.

Операцияның қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатындағы ынтымақтастықтары үшін Судан билігіне алғысын білдірген Гутерреш барлық тараптарды қақтығысты дереу тоқтатып, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз етуге шақырды.

Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымының Судан халқымен ынтымақтастықта екенін және демократиялық ауысу мен қауіпсіз болашақ үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратынын мәлімдеді.

"Біріккен Ұлттар Ұйымы Суданның ішінде және сыртындағы операцияларын жалғастырады" деді Бас хатшы. 

Бас хатшы әріптестермен бірге дағдарысты азайтуды және атысты түбегейлі тоқтатуды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар