АҚШ әскери ұшақ кемесін Сирияға жақындатты

Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх мәлімдеме жасады.

1969549
АҚШ әскери ұшақ кемесін Сирияға жақындатты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Иран қолдау берген қарулы күштердің Сирияда америкалық сарбаздар орналасқан базаларға бағыттап шабуыл жасауының артынан Жерорта теңізіндегі «USS George W. H. Bush» ұшақ тасығыш кемесін сақтық мақсатты Сирияға жақындатты.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх күнделікті баспасөз мәслихатында «Иран Төңкеріс сарбаздарымен байланысты топтардың Сирияда қоныстанған күштерімізге шабуылдарын күшейткенін көрдік және сақтық шарасы ретінде әуе кемесін аймаққа жақындаттық» деді.

6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкіністерінен кейін түрік жағалауларына жақындаған кеменің орны мен мандатының өзгеріп өзгермегені жөніндегі сұраққа қайтарған жауабында Сингх кеменің Сирия жағалауына қарай жақындағанын және оның мандатының ұзартылғанын білдірді.

Пентагон хатшысы 6 айлық мандат мерзімі аяқталған кеменің Жерорта теңізінде қанша уақыт тұратыны жөнінде нақты жауап қайтармады.

«Бұл кеменің аймақта Иранға қарсы жоспарланған бір әскери операцияның қадамы болып болмағанын нақты түрде көрсете аласыз ба?» деген сұраққа Сингх «Бұл біздің сарбаздарға жасалған шабуылдармен байланысты және оған біздің жауабымыз» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар