Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің 90 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

1968761
Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 балдық жер сілкінісі болды

Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 балдық жер сілкінісі болды.

Америка геологиялық қызметі елдің солтүстік-шығысындағы Кайнанту аймағындағы жер сілкінісінің 90 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы жер сілкінісінен кейін Папуа-Жаңа Гвинея мен Индонезия жағалауларында цунами қаупі туралы ескерту жасап, кейін ескертуді алып тастады.



Ұқсас жаңалықтар