"4 күн жұмыс жобасын" жалғастырады

Сынақ жобаға қатысқан 61 компанияның кем дегенде 56-сы әзірге аптасына 4 күн жұмыс істеуді жалғастыратынын мәлімдеді.

1949853
"4 күн жұмыс жобасын" жалғастырады

Ұлыбританиядағы «аптасына 4 күн жұмыс» сынақ жобасына қатысқан көптеген британдық компания 6 айлық пилоттық жобаны тұрақты қолданатын болды.

«BBC» жаңалықтарына сәйкес, елде маусым айында «4 Day Week Global» коммерциялық емес ұйымы бастаған және 3 мыңнан астам қызметкер қатысқан пилоттық жобаның әсері қолға алынған есепте 6 ай бойы аптада 4 күн жұмыс істеген қызметкерлердің әл-ауқаты үшін «жан-жақты жеңілдіктері» болғаны айтылды.

Сынақ жобаға қатысқан 61 компанияның кем дегенде 56-сы әзірге аптасына 4 күн жұмыс істеуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Есеп қорытындылары арасында қызметкерлердің науқас екенін білдіруінің азайғаны, жұмыс берушімен көп уақыт өткізуге бейім екені, қызметкерге білім берудің пайдалы болғаны да бар. Жұмыс берушілер қызметкерлердің бұрынғыдан көңілді екенін білдірген.

Сынақ жобаның қорытындысын Кембридж университеті, Оксфорд университеті және Бостон колледжінің зерттеушілері қарастырған.



Ұқсас жаңалықтар