АҚШ делегациясы Тайваньда

Америкалық делегация Тайваньға барды.

1949061
АҚШ делегациясы Тайваньда

Америка Құрама Штаттары Конгресінен 4 адамдық делегация Қытаймен егемендік келіспеушілігіне түскен Тайваньға барды.

Тайваньнің «CNA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Демократ партиялық Өкілдер мәжілісі мүшелері Ро Ханна, Джейк Аучинколс және Джонаттан Джексон мен Республикашыл партиялық Тони Гонзалестен тұратын делегация 5 күндік сапармен аралға барды.

Делегация кешегі кездесулерінде Тайвань мәжілісі төрағасы Ю Си-кун және чип өндірісінде әлемдік алпауыт компанияның құрушысы Моррис Чангпен бас қосты.

Делегация басшысы Ро Ханна «Мақсатымыз Қытайға қарсы арандатушылық емес. Істеріміз президент Джо Байденнің аймақтық бейбітшілікке үлес қосу мақсатымен Тайваньмен қатынастарды жетілдіруге мән берген саясатымен астасып жатыр» деді.



Ұқсас жаңалықтар