Малавиде тырысқақ

Елде ауруға шалдыққандар саны 29 995-ке өссе, қайтыс болғандар саны 990-ға жетті.

1937262
Малавиде тырысқақ

Малавиде тырысқақ індетінен қайтыс болғандар саны 990-ға жетті.

Малави Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, соңғы 24 сағатта тырысқақтан 30 адам қайтыс болды, бұл - 2020 жылдың наурыз айында індет басталғаннан бері бір тәуліктегі ең жоғары өлім саны.

Елде ауруға шалдыққандар саны 29 995-ке өссе, қайтыс болғандар саны 990-ға жетті.

Денсаулық сақтау министрі Хумбизе Кандодо Чипонда халықты гигиеналық ережелерге назар аударып, таза су пайдалануға шақырды.

Екінші жағынан елге жіберілген тырысқаққа қарсы вакцинаның 2,9 миллион дозасы таусылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелері мен үкіметтерінің шаралары нәтижесінде жылдар бойы азайып келе жатқан тырысқақ ауруы климаттың өзгеруі, кедейлік және қақтығыстар сияқты себептерге байланысты қайтадан кең тарай бастады.



Ұқсас жаңалықтар