Пәкістанда жанкешті шабуыл

Шабуылда 2 адам қаза тауып, 20-сы полиция қызметкері, барлығы 24 адам жарақат алды.

1912921
Пәкістанда жанкешті шабуыл

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында полиция көлігін нысанаға алған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтер бойынша бір полиция қызметкері мен бір бала қаза тапты, 20 полиция қызметкері барлығы 24 адам жарақат алды.

Мемлекеттік БАҚ-қа қарағанда Куэтта қаласының Балели ауданында полиция мінген көлікке жанкешті шабуыл жасалған.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда шабуылда бір полиция қызметкері мен бір бала қаза тауып, 20-сы полиция қызметкері, барлығы 24 адам жараланды.

Пәкістандық Талибан алдыңғы күні Исламабад әкімшілігімен 10 мамыр күні басталған атысты тоқтату келісімінің аяқталғанын және содырларына қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар