Украина Кенияға бидай жіберді

Кения вице-президенті Ригати Гачагуа Украинадан жіберілген 25 мың тонна бидайды алғандарын айтты.

1909727
Украина Кенияға бидай жіберді

Ұзақ уақыттан бері жауын-шашынның аздығынан қуаңшылықпен күресіп жатқан Кенияға Украинадан 25 мың тонна бидай қолдауы жасалғаны хабарланды.

Кения вице-президенті Ригати Гачагуа баспасөзге берген мәлімдемесінде Украинадан жіберілген 25 мың тонна бидайды алғандарын айтты.

Елінде құрғақшылықтың жалғасып жатқанын атап өткен Гачагуа тапсырып алынған бидайдың азық-түлік мәселесі бар аймақтарға таратылатынын атап өтті.

Гачагуа «Біздің ресурстар климаттың өзгеруінің салдарымен күресу үшін жеткіліксіз. Біз құрғақшылықтың салдарын барынша азайту үшін көмек сұраймыз» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Кенияда кем дегенде 4,35 миллион адам азық-түлік мәселесіне тап болса, құрғақшылық салдарынан 5 миллионға жуық адам тиісті таза суға қол жеткізе алмайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар