Ресей 100 канадалыққа санкция салды

Атақты киноактер Джим Керри де санкциялар тізіміне енгізілді.

1906464
Ресей 100 канадалыққа санкция салды

Ресей киноактері Джим Керриді қамтыған 100 Канада азаматына санкция салу туралы шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Канаданың Ресей басшылығы, бизнес, қоршаған орта және мәдениет өкілдері, саясаткерлер, депутаттар мен сарапшыларға қарсы санкцияларын жалғастырып жатқаны атап көрсетілді.

Бұған жауап ретінде 100 канадалық санкция тізіміне енгізіліп, Ресейге кіруге тыйым салынды және аталмыш есімдердің тізімі жарияланды.

Тізімге Канаданың жоғары лауазымды тұлғалары, сондай-ақ іскер адамдар, белсенділер, баспасөз және қаржы институттарының өкілдері кірді.

Атақты киноактер Джим Керри де санкциялар тізіміне енгізілді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі қарашаның 11-і күні 200 америкалық азаматтың санкция тізіміне енгізіліп, елге кіруіне тыйым салынғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар