Украина президенті бейне хабарлама жариялады

Зеленский: «Жеңісіміздің жақындағанын бәріміз де сеземіз».

1905890
Украина президенті бейне хабарлама жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы соғыстың жалғасып жатқанын еске салып, «Жеңісіміздің жақындағанын бәріміз де сеземіз» деді.

Президент Зеленский әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған бейне хабарламасында Ресей-Украина соғысының 263-ші күні соңғы жаңалықтарды бағалады.

Украинадағы саясаткерлердің, қауіпсіздік күштері өкілдерінің және әртүрлі кәсіптегі адамдардың өз міндеттерін орындай отырып, жеңіске жету жолында бірге әрекет еткенін айтқан Зеленский: «Жеңісіміздің жақындағанын бәріміз де сеземіз» деді.

Херсон аймағын қайтадан бақылауға алғандары елді мекендердің 226-сында қауіпсіздік шараларының іске қосылғанын, бұл аймақтарда тұрақтылықтың қамтамасыз етілгенін атап көрсеткен Зеленский аталмыш жерлерде 100 мыңға жуық бейбіт тұрғынның тұрғанын атап көрсетті.

Ресей сарбаздарын Херсон аймағында әскери қылмыс жасаумен айыптаған Зеленский аймақта бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің мәйіттерінің табылғанын атап, тергеу басталғанын мәлімдеді.

Зеленский ел көлемінде ең қызу қақтығыстардың Донецк майданында жалғасып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар