Нигериядағы қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты

Бенуэ полициясының комиссары Уэль Абасс мәлімдеме жасады.

1895761
Нигериядағы қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты

Нигерияда мал шаруашылығымен айналысатын Фулани тайпасы мен фермерлер арасында ара-тұра қақтығыс орын алатын Бенуэ уәлаятында жасалған қарулы шабуылда 18 адам қаза тапты.

Бенуэ полициясының комиссары Уэль Абасс мәлімдемесінде 18 қазан күні уәлаятта малмен айналысатын фулани тайпасынан өлтірілген 5 адамнан кейін Гбежи аймағында кек алу шабуылы жасалғанын айтты.

Абасс шабуылда біреуі полиция қызметкері, барлығы 18 адамның қаза тапқанын, көптеген адамның жараланғанын атап көрсетті.

Бенуэ губернаторының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Пол Хемба болса жарақат алғандардың емделгенін, аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберіліп, оқиғаға қатысты тергеу ашылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар