АҚШ-тың Түркиядағы елшісінен Эгей теңізі мәлімдемесі

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джеффри Флейк мәлімдеме жасады.

1894325
АҚШ-тың Түркиядағы елшісінен Эгей теңізі мәлімдемесі

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джеффри Флейк «НАТО-дағы одақтастарымыз Түркия және Грекиямен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымыз бірін жақтауға немесе екіншісін тұрақсыздандыруға негізделмейді» деді.

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Флейк Вашингтонның Эгей теңізіндегі ұстанымына қатысты өкілетті елшіліктің әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Соңғы кездері маған АҚШ-тың Эгейдегі қауіпсіздікке қатысты ұстанымында өзгеріс болды ма деп сұрақ қойылды. Бұл сұраққа менің жауабым «жоқ» болды. НАТО-дағы одақтастарымыз Түркия және Грекиямен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымыз бірін жақтауға немесе екіншісін тұрақсыздандыруға негізделмейді» деді.

Елші Флейк басты нысананың аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап «Қазіргі кезде біздің бірлескен талпынысымыз Ресейдің Украинадағы аяусыз және негізсіз соғысын тоқтатуға бағытталады. Түркия болса әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін алға жылжыту және Украина мен Ресей арасындағы келіссөзді жақсарту арқылы көрсеткен үлкен  қолдауын жалғастыруда.

Грекиямен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыз Украинаға және Еуропаның орталық және шығысындағы НАТО одақтастарына қолдау көрсету арқылы НАТО-ның шығыс күшін нығайтады. НАТО одақтастарымыз Түркия және Грекиямен ортақ мақсатымыз – бүкіл аймақта бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастыру» деді.



Ұқсас жаңалықтар