БҰҰ-нан Түркияға алғыс

Гутерреш Ресей-Украина арасында әскери тұтқындардың алмасуында рөлі бар Түркияға алғыс айтты.

1883642
БҰҰ-нан Түркияға алғыс

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияға Ресей мен Украина арасындағы 200-ден астам әскери тұтқынның алмасуындағы рөлі үшін алғыс айтты.

Антониу Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өткен отырыста 24 ақпан күні басталған Украина-Ресей соғысының әлі аяқталмағанына назар аударды.

Ресей президенті Владимир Путиннің жұмылдыру туралы шешімінің «қауіпті және алаңдататын» жағдай екенін айтқан Гутерриш бұл қадамның бейбітшіліктен алыстап бара жатқанын және одан көп қан төгіске айналатынын атап көрсетті. Гутерреш «Бұл мағынасыз соғыс Украина мен бүкіл әлемге шексіз және жан түршігерлік зиян келтіруі мүмкін» деді.

Украинаның шығысындағы референдум жоспарларының да өте алаңдатарлық екенін білдірген Гутерреш күш қолдану арқылы басқа елдің аумағын аннексиялаудың халықаралық құқық пен БҰҰ Конвенциясына қайшы екенін атап өтті.

Украина мен Ресей арасындағы 200-ден астам соғыс тұтқынының алмасуының болымды жағдай екеніне назар аударған Гутерреш «Түркия мен Сауд Арабиясы үкіметтеріне осы келісімдегі рөлі үшін алғыс айтамын» деді.

Украина мен Ресей арасында Түркияның қолдауымен шілде айында жасалған астық келісімі арқасында 4,3 миллион метрикалық тоннадан астам астық пен азық-түлік экспортталғанын еске салған Антониу Гутерреш астық пен азық-түлік тасымалдайтын кемелердің Ауғанстан мен Йемен де бар 29 елге жеткізілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар