Грек әскери ұшақтары түрік F-16 ұшақтарын тағы қудалады

Түрік ұшақтары радарды құлыптау арқылы грек ұшақтарына қажетті жауапты қайтарды.

1872203
Грек әскери ұшақтары түрік F-16 ұшақтарын тағы қудалады

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігінен алынған ақпаратқа қарағанда, Эгей теңізінде орындалған НАТО-ның әуеден ерте хабарлау AWACS ұшағы мен "Nexus Ace" оқу-жаттығу қызметін жүзеге асыратын түріктің екі F-16 әскери ұшағының радар құлпы 24 тамыз күні Грекияға тиесілі F-16 әскери ұшағы тарапынан бұзылып құдаланды.

Түрік ұшақтарының болса радарды құлыптау арқылы грек ұшақтарына қажетті жауапты қайтарғаны білдірілді.

Грекияның шиеленісті арттыру үшін НАТО қызметтерін нысанаға алуды жалғастырғанын білдірген ақпарат көздері соңғы қудалау оқиғасымен Грекияның әдейі және жоспарлы түрде бұл әрекеттерді жасағаны атап көрсетілді.

Бұрынғылар сияқты бұл оқиғаның да НАТО мекемелеріне хабардар етілгеніне назар аударған министрлік ақпарат көздері осы құдалаудың Грекия Қорғаныс министрлігінің алдыңғы оқиғамен байланысты жасаған мәлімдемелердің шындыққа жатпайтынын дәлелі бар екенін баса айтты.

Сонымен қатар Ұлттық қорғаныс министрлігінің дереккөздері Грекияның бұл әрекетінің НАТО-ның одақтастық рухына сәйкес келмейтінін және ұшу қауіпсіздігіне айтарлықтай риск туғызғанын атап көрсетті.

НАТО-ның «Болмыс көрсету операциясы» аясында Жерорта теңізінің шығысында ұшып жүрген Түрік Әуе күштеріне қарасты F-16 әскери ұшақтарын грек ұшақтары радар құлыптау арқылы қудалаған болатын.

Грекияның әскери атташесі Ұлттық қорғаныс министрлігіне шақырылып, грек ұшақтарының НАТО қызметіне қауіп төндіргені үшін қатаң түрде наразылық көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар