Австралияда жауынның тоқтайтын түрі жоқ

Сиднейде бөгеттер мен каналдар толып, қаланың басым бөлігін су басып қалды.

1851976
Австралияда жауынның тоқтайтын түрі жоқ

Австралияның Сидней қаласында 30 маусымнан бері жалғасып келе жатқан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 50 мың адамға эвакуациялауға бұйрық берілді.

Соңғы бірнеше күнде толассыз жауған жауынның салдарынан Сиднейде бөгеттер мен каналдар толып, қаланың басым бөлігін су басып қалды.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты шамамен 23 елді мекенді «апат аймағы» деп жариялады және су тасқынынан зардап шеккендерге федералды көмектің басталатынын хабарлады.

Штаттың премьер-министрі Доминик Перротет бүкіл штатта жаңа су тасқыны байқалуы мүмкін екенін ескертіп, халықты сақтыққа шақырды.

Перротет апат әсерінің артуына байланысты Сиднейдегі 32 мың адамды эвакуациялау тәртібін 50 мыңға дейін арттырғанын хабарлады.

Іздеу құтқару және жедел жәрдем топтары қалада түні бойы су тасқыны салдарынан көліктері мен үйлерінде қалып қойған 100-ге жуық адамды құтқарды.



Ұқсас жаңалықтар