Копенгагендегі қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

Данияның астанасы Копенгагендегі арулы шабуылда 3 адамның қаза тауып, 4 адамның ауыр жарақат алғаны хабарланды.

1851480
Копенгагендегі қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

Данияның астанасы Копенгагендегі сауда орталығында (AVM) кеше жасалған қарулы шабуылда 3 адамның қаза тауып, 4 адамның ауыр жарақат алғаны хабарланды.

Копенгаген полициясының баспасөз хатшысы Сорен Томассе шабуылда 3 адамның қаза болғанын, 2-і Швеция азаматы болған 4 адамның ауыр жарақат алғанын атап көрсетті.

Томасс жеңіл жарақаттардың да көп болғанын айтты.

Күдіктінің аз уақытта ұсталғанын айтқан Томассе шабуылдың террорлық әрекет емес екеніне тоқталды.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен көңіл айту хатында "Туыс-туғандарынан айырылғандарға көңіл айтамын. Мен даниялықтарды осы қиын кезде бірге болуға және бір-бірін қолдауға шақырғым келеді" деген сөздер қолданды.

Данияның астанасы Копенгагеннің Амагер аймағындағы «Field's» сауда орталығында кеше қарулы шабуыл жасалып, оқиғадан кейін ұсталған күдіктінің 22 жаста және даниялық екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар