Мьянмадағы өлім жазасы - адам құқықтарын бұзу

БҰҰ интернет сайтында БҰҰ Мьянма Тәуелсіз тергеу механизмі төрағасы Николас Коумжианның мәлімдемелеріне орын берілді.

1846225
Мьянмадағы өлім жазасы - адам құқықтарын бұзу

Біріккен Ұлттар Ұйымы Мьянмада әскери төңкеріспен билікке келген хунта әкімшілігінің 4 кісіге берген өлім жазасын орындау туралы үкімнің адам баласына қарсы қылмыс немесе соғыс қылмысы болатынын білдірді.

БҰҰ интернет сайтында БҰҰ Мьянма Тәуелсіз тергеу механизмі төрағасы Николас Коумжианның мәлімдемелеріне орын берілді. Коумжиан Мьянмада қоғамға жабық өткен соттан кейін берілген өлім жазасын орындау үкімін жақыннан бақылап отырғандарын білдірді. Ол хунта әкімшілігінің 3 маусым күні әскери сот тарапынан өлім жазасы берілген 4 адамды дарға асуды жоспарлағанын айтты. Оның айтуынша қолдағы қазіргі мәліметтер тұтқындардың адам  құқықтарының бұзылғанын көрсетеді. «Осындай жағдайларда түрме немесе өлім жазасы берілуі адам баласына қарсы қылмыстар немесе соғыс қылмысына жол ашуы мүмкін» деді ол. Тұтқындау және жазаны заңдастыру үшін қолданылған заңдардың халықаралық құқықты бұзбауы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар