Венгрияда бензин сату шектелді

Гергелий Гуляс елде тіркеулі нөмірлері бар көліктерге ғана тұрақты бағамен жанармай сатылатынын мәлімдеді.

1833712
Венгрияда бензин сату шектелді

Венгриядағы жанармай станциялары елде тіркеулі нөмірлері бар көліктерге ғана жеңілдік жасалған тұрақты бағамен жанармай құяды.

Премьер-министрлік кеңсесі директоры Гергелий Гуляс «бензин туризмі» тақырыбындағы алаңдаушылыққа назар аударып жанармай құю станциялары бұдан былай шетелде тіркелген нөмірлері бар тұтынушыларға белгіленген бағамен қызмет көрсетпейтінін хабарлады.

Hidaro.hu сайтының хабарына қарағанда, Гүляс жүргізушілердің венгр нөмірлері болған жағдайда ғана жеңілдетілген бағамен көліктеріне жанармай құюға рұқсат берілетінін атап өтті.

Венгрия жаһандық жанармай нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты өткен жылы дизель мен бензин бағаларын тұрақтап, Ресейдің 24 ақпан күні Украинаға соғыс бастауының артынан белгіленген бағаның мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Энергетикалық дағдарыс және халықаралық аренадағы шиеленістің ұзаруының Венгрия экономикасына салмақ түсіргенін атап көрсеткен Гуляс «Еуроодақтың санкциялық саясаты жанармай бағасының бақылаудан шығып кетуіне себеп болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар