Ямайка Палестинаны мемлекет ретінде мойындады

Министрлер кеңесі Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде тануға шешім қабылдады.

2131380
Ямайка Палестинаны мемлекет ретінде мойындады

Ямайка Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындағанын жариялады.

Ямайканың Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Камина Джонсон Смит баспасөз брифингінде «Ямайка ұзақ уақытқа созылған қақтығысты (Израиль мен Палестина арасындағы) шешудің жалғыз жолы ретінде екі мемлекетті шешімді жақтауды жалғастырады» деді.

Смит кеше өткен Министрлер кеңесінен кейін Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде тануға шешім қабылдағандарын атап өтті.

Шиеленісті азайту және аймақта тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық күш-жігерді қолдауды жалғастырғандарын айтқан Смит тараптарды мәселені дипломатиялық жолдармен шешуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар